16 киікті өлтірген
Жангелдин ауданын Қарасу ауылы маңында 16 ақбөкеннің өлексесі табылды, – деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі. Белгісіз біреулер барлық киіктің мүйіздерін кесіп әкеткен. Осы дерекке қатысты Қостанай облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.
Бұл мәлімет туралы 10 маусымда Жангелдин аудандық полиция бөліміне "ОХОТ ЗО ПРОМ" инспекторлары хабарлап, барлығының мүйізі кесілгенін айтқан.
Бұл мәлімет туралы 10 маусымда Жангелдин аудандық полиция бөліміне "ОХОТ ЗО ПРОМ" инспекторлары хабарлап, барлығының мүйізі кесілгенін айтқан.
"Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР ҚК 337-бабының 4-бөлігі ("Заңсыз аңшылық, ірі залал келтіре отырып жасалған іс-әрекеттер") бойынша жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ІІМ өкілдері.
























