Отбасылық отырыстан от шықты

Денесінің 40 пайызын күйік шалған рудныйлық тұрғын ауыр халде жатыр. 
Оқиға отбасылық отырыста болған. 42 жастағы азаматша асүйде анасымен арақ ішіп, темекі тартып отырады. Абайсызда темекі тұқылын үстіне түсіріп алып, өртене бастайды. Анасы өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем шақырып үлгереді.  912136Әйел рудный қалалық ауруханасына жеткізіліп, үшінші дәрежедегі күйік диагнозы қойылды. Ол қазір ес-түссіз жатыр және жасанды тыныс алдыру аппаратына танылған. Өртте оның басы, қолы және жамбасы қатты күйген,-деп хабарлайды Қостанай облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.   

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓