Көңілді тапқырлар алаңының «CollegeStyle» Лигасы мәресіне жетті

Қостанай облысында колледждер арасындағы көңілді тапқырлар алаңының «CollegeStyle» Лигасының ақтық кезеңі өтті. Лига облысымыздың барлық қалалары мен аудандарын қамтып, орта кәсіптік білім беру мекемерінің студенттері арасында үздік әзілкеш команданы анықтады.
Қорытынды жарыста КТА жастар командасының 6 құрамасы сынға түсті.Финалды тамашалау үшін студенттер сарайында 500-ге жуық көрермен қатысып, 3 сағат ішінде жастар өнерін тамашалады.
Ақтық жарыстың әділ қазылар алқасының мүшелері халықаралық КВН одағының бас лигасының ойыншылары Батырғалиев Валихан «АстанаKZ», Бекболатов Есбол «Сборная Снежнегорска», Ерғалиев Дәмір «Коргалджино құрамасы» және де Қостанай облысының Еуразиялық банк филиалының директоры Қырмызы Жаңбыршы мен білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ольга Кисилева ойыншыларға лайықты бағаларын берді.
Жарысқа қатысушылар 2 байқауда шеберлік байқасты – «Фристайл», «Бейне-визитка». КТА ойнының бас жүлдесін – «CollegeStyle» Лигасының кубогін «Зерек» колледжінің құрамасы олжалады.
Екінші орынды «Легион» командасы (КЭКҚ құрамасы), үшінші орынды Лисаков қаласының «Геннадий Викторович» командасы мен «Құрылыс коллержінің құрамасы» бөліп алды.
Жалпы «CollegeStyle» лигасы Қостанай облысыныда 15 жылдан аса уақыт бойы ұйымдастырылып, 1000-нан аса студенттерді қамтып отыр…
1_cr 2_cr 3_cr

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓