Бас жүлдемен оралды (БЕЙНЕ)
"Бозторғай" халықаралық вокалдық байқауының бас жүлдесі Тобыл-Торғай өңіріне бұйырды. Жеңімпаз жерлесіміз, амангелділік Асылжан Өміржанды туыс-туғандары мен мәдениет саласының өкілдері Қостанай вокзалынан қошеметпен күтіп алды.
"Жас дарын Асылжанымыз әлемнің бірнеше елінен қатысқан қарсыластарының ешқайсысына еш мүмкіндік қалдырмастан, беделді байқаудың Гран-Приін жеңіп алды", – деп жазылды облыстық Мәдениет үйлерінің ақпараттық порталында.
Қостанайлық өрендердің олжасы мұнымен шектелген жоқ. Кіші топта Едрес ӘБІЛМАНСҰР 1-орын иеленді. Ал орта топта Болатхан ИСАТАЙ Бас жүлдені жеңіп алса, 1-орын тағы бір жерлесіміз Ясмин Ибраеваға бұйырды. Бұл үш жүлдегер де жарысқа Қостанай ауданынан қатысқан еді.