Биыл облысымызда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 5,5 млрд.теңге бөлінді.
Қаржы өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсаруына жол ашпақ. Мемлекеттік бағдарлама аясында мүгедек жандар да жұмыспен қамтылуда. Мәселен, жыл басынан бері еңбек етуге ниетті 1100 мүмкіндігі шектеулі азаматтың 605-і жұмысқа орналасқан. Соның ішінде 156 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды.