Мәліметтерді өңдеу орталығы ашылды

Бүгін Қостанайда мәліметтерді өңдеу орталығы ашылды. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі аппаратының бастығы Арман  Әбенов, «Зерде» Холдингі»  АҚ басқармасы Төрағасының орынбасары Зарема Құрғанбекова мен «ҰАТ» АҚ Төрағасының орынбасары Серікжан Байбәкіров қатысты.IMG_5498сми
Қостанай облысы әкімдігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.IMG_5581сми
Мемлекеттік секторды ақпараттандыру бір жолы – еліміздің әр өңірінде мәліметтерді өңдеу орталықтарын (МӨО) ашу болып табылады. Серверлік инфрақұрылым – ақпараттық коммуникациялардың негізі.
«Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «мемекеттік органдарға хостинг қызметін көрсету үшін ғаламтор тұғырнамасы серверін құру» жобасын  «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ іске асырмақ.IMG_5540сми
Мәліметтерді өңдеу орталығы  «электрондық үкімет» және «электрондық әкімдік» құрылымдарының үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.  IMG_5479смиСонымен қатар оның ақпараттық қауіпсіздігіне кепіл болады. Мемлекеттік органдар үшін серверлерді жабдықтауға, модернизациялау мен жетілдіруге және кәсіби мамандарды жұмылдыруға қаржы аз жұмсалатындығымен тиімді.
Мәліметтерді өңдеу орталығы  ІТ жобаларды іске асыруға мүмкіндікті кеңейтеді.
 
Махаббат Бекбай
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓