Қос арысқа құран бағышталды

Тарихы бір ғасырға жуықтаған облыстық «Қостанай таңы» газетінің ұжымы қасиетті Рамазан айында мұсылман жамағатқа ауызашар дастарханын жайды. Облыстық Аймағанбет қажы мешітінің асханасын берілген ас-садақа ғибратты кешке ұласты десек, қателеспейміз.
IMG_6728
IMG_6720
IMG_6735Алаштың айтулы қайраткер тұлғалары Мұхамеджан Сералин мен Бейімбет Майлин негізін қалаған баспасөздің қарашаңырағы – елдегі игі жаңалық, танымдық мақалалармен қатар, асыл дінімізді дәріптеп, руханиятымызды түгендеп келе жатқан басылым.
Баспасөз құралы тіл, дін, діл жолында басын отқа да, қатерге де тікті. Қаншама тұлғалар саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Газеттің жабылып, қайта ашылған кезі де болған. IMG_6773
 
IMG_6772
IMG_6774
IMG_6781– Өз басым, «Қостанай таңы» болғалы әріптестер бірігіп, ауызашар берді дегенді бұрын-соңды естіген де, көрген де емеспін. Кеңес дәуіріндегі жағдай түсінікті, тәуелсіздік алғалы бері көпшілік қауымға дастархан жайып, сауабын алып отырғандарыңыз өте абзал. Тілшілер қауымы – киелі сөз арқылы оқырманды, ұрпақты тәрбиелейтін жандар. Сол себепті, осындай ғибратты дүниені іспен де көрсетіп жатқандарыңыз – өте үлгі боларлық шара, – деді ақын, газеттің ардагері, ақбар қажы Жолбарыс Баязид.IMG_6804
 
IMG_6793
IMG_6806
IMG_6807ҚМДБ Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет те мешіт пен бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде «Қостанай таңы» газетімен етене жақындықты тілге тиек етті. «Әрбір қуанышты жаңалығымызды, діни шарамызды үнемі жұртшылыққа хабарлап отыратын жаңалықтың жаршысы бүгін өнеге болар іс жасап отыр. Газет арқылы қаншама діни әңгімелер мен оқиғалар, олардың кейіпкерлері елге тарап жатыр», – деді бас имам.IMG_6764
Дастархан басында өңірге белгілі ақындарымыздың өлеңдері оқылып, ғибратты әңгіме, қасиетті хадистен айтылды. Бата берілгеннен кейін құран оқылып, Мұхамеджан Сералин мен Бейімбет Майлин бастаған боздақтардың аруағына дұға бағышталды.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАН
Суреттерді түсірген Б.КӨРКЕМБАЕВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓