Мердігердің заңсыз әрекеті әшкереленді
2013 жылы Федоров аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі «Компания Ерлан» ЖШС мердігеріне аудан орталығындағы таратып беруші желіні қалпына келтіру жұмыстарын атқаруға келісім жасасады. Құрылыс жұмыстарының сомасы да аз емес – 1,9 млрд. теңгені құрайды. Мердігер компания екі жылға жоспарланған жұмыстың 2013 жылы 700 млн., ал биылғы жылы 1,2 млрд. теңгесін игеру қажет болған.

– Апелляциялық сотта жоба-сметалық құжат мемлекеттік сараптамадан өтпей қалғандығы белгілі болды. Демек, мердігер компанияның бұл жұмыстарды жүргізуге құқығы болмаған, – деді облыстық прокуратураның ресми өкілі Анар Мейрамова.
Шұға Қоңқабай