Жаңа өндіріс іске қосылды
Қостанайдағы «Агромашхолдинг KZ» АҚ базасында «Lovol» маркалы тракторлар шығарыла бастады. Өндіріс өткен жылы жұмыс істей бастаған еді. Жоба құны – 3,6 млрд теңге. Ал осы жылдың алғашқы тоқсанында конвейерден шыққан. Алғашқы 28 трактор бірден сатылып кетті. Бүгінге дейін кәсіпорын 100 шақты трактор құрастырыпты.



Алдағы уақытта «Агромашхолдинг KZ» АҚ базасында 4,5 мың шаршы метрлік цех іске қосылмақ. Онда жылына 3000 тракторға дейін шығарылады. Жаңа жоба 180 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады.
"Бүгін облыс үшін маңызды оқиға. Біз өңірде ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру саласын дамыту шеңберінде қытайлық әріптестерімізбен бірлесіп, жаңа өндіріс ошағын ашып отырмыз. 130 аттың күшіне тең тракторлар облыста ғана емес, елімізде үлкен сұранысқа ие. Алдағы уақытта кәсіпорын өз өнімдерін ішкі нарықпен қоса, көрші мемлекеттерге де экспорттауды жоспарлап отыр", – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жаңа жобаның ашылу салтанатында.




Әлібек ЫБЫРАЙ
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.