Теледебат тікелей эфирде өтеді
ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрі Дәурен Абаев президенттікке үміткерлердің өзара дебатын телеарналардың тікелей эфирінде көрсетуге дайындық жүріп жатқанын айтты, – деп жазады kaz.zakon.kz. "Менің білуімше, теледебаттар болады. Сондай-ақ, ол тікелей эфирде өтуі әбден мүмкін, – деп хабарлады ол.
Алайда министр дебаттардың тақырыбы, онда қандай сұрақтар қойылатыны туралы нақты мәлімдеген жоқ.
"Теледебат барысында, кандидаттар өзара сөз таластырады. Оның қайда, қашан, қандай форматта өтетіні кейінірек белгілі болады", – деп түйді Абаев.