Елде қанша жұмыссыз бар?

2019 жылғы сәуірде Қазақстанда жұмыссыз жүрген 442,5 мың адам тіркелген. Мұндай деректі ҚР ҰЭМ Статистика комитеті жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.termination-110301_1920
"2019 жылғы сәуірде республика экономикасында бағалау бойынша 8,8 млн адам жұмыспен қамтылды. Еңбекке тартылған халықтың арасында  6,7 млн адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,1 пайызы) жалдамалы еңбек етеді",  – делінген комитет ақпаратында.
Ведомство мәліметінше, 2019 жылғы сәуірде жұмыссыздар саны бағалау бойынша 442,5 мың адам болды.
Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2019 жылғы сәуір айының соңына 160,7 мың адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің санының 1,8 пайызын құрайды.
Жасырын жұмыссыздық деңгейі 2019 жылғы I тоқсанда жұмыс күші санының 0,3 пайызына (31,2 мың адам) тең болды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓