Президент қабылдауында болды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады.Қасым-Жомарт Кемелұлына облыста былтыр атқарылған жұмыстар мен 2022 жылдың алғашқы екі айындағы даму көрсеткіштері туралы баяндалды. Облыс әкімі Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде мәлімет берді.
Президент халықпен жиі кездесудің, қоғамдық қабылдауларды тұрақты өткізудің маңыздылығын атап өтіп, өңірлердің басшыларына тұрғындарды мазалаған мәселелерді уақтылы шешу қажет екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстарын күшейтуді және өңірде жүзеге асырылып жатқан жобаларды жалғастыруды тапсырды.