Қызғалдақтар фестивалі басталды

Амангелді ауданында «Айналдым сенен, атамекенім» атты облыстық қызғалдақтар фестивалі басталды. Ауқымды шараға облыстық басқарма басшылары, өзге облыстардың делегаттары, өнер қайраткерлері қатысты. Меймандар алдымен Үштоғай ауылы маңында құрылған киіз үйлерге бас сұқты. Ары қарай бағдарлама бойынша қонақтар қолөнер көрмесін, ұлттық ойындар мен айтысты тамашалап, киелі орындармен танысты.
Қазақ күресінен өтіп жатқан турнирге ауылдардан 112 балуан тіркелген. Он үш мекеме киіз үйлердің безендірілуі жөнінен жарысқа түсуде.
Қызғалдақтар фестивалінің басты жаңалығы – ауданда тұғжңғыш рет 500 домбырашының қатысуымен күй ойналды. Дирижері – ауданның құрметті азаматы Сапар Ахметжанов.
– Дайындық жұмыстары бірнеше күн бойы жүрді. Қатысушылар әр ауылдан келді. Енді Ұлттық домбыра күні мерекесіне мың домбырашының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынбақпыз. Бұл Аманкелді ауданы әкімінің жобасы. Осындай рухани іс шаралар арқылы жас ұрпақ ұлттық құндылықтарды сіңіре алады,  – дейді  Сапар Ахметжанов.
Шаралар легі ат жарысымен жалғасты.

1111

555

1325

рвла

дрол

жор

WhatsApp Image 2019-05-04 at 14.05.44

WhatsApp Image 2019-05-04 at 14.06.19

Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓