5-қабаттан құлап, мерт болды
Куәгерлер хабарлағандай, қайғылы оқиға 4 шілдеде Рудный қаласында болған. Бұл ақпаратты облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.
"50 лет Октября көшесіндегі бұзылған ғимараттың 5-қабатынан жас жігіт құлап кетті. Жедел жәрдем көлігі келіп жеткенше ол оқиға орнында көз жұмған. Анықталғандай, оның басы бірнеше жерден ауыр жарақат алған", – делінеді басқарма хабарламасында.