Тіл дарындылары анықталды

Тілдерді дамыту басқармасы үш тілді меңгерген жастардың арасында «Тілдарын» атты облыстық байқауын өткізді. Байқауға облыстың аудандары мен қалаларынан 16 адам қатысты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, байқаудың мақсаты – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастарды анықтау, қазақстандық патриотизмді нығайту, тілдік мәдениетін тәрбиелеу, өзге халықтардың тілін мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру.
IMG_5776
Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Меңдекинова қатысушылардың алдында сөз сөйлеп, барлық сайыскерлерді құттықтады. Арқалық қаласынан келген Баян Шаяхмет «Сөз шебері», Рудный қаласынан қатысқан Сулеймен Кеулхосов «Тіл шебері», қостанайлық Гүлфайруз Нұрмағанбетова «Көрермен көзайымы» номинацияларына ие болып арнайы сыйлықтармен марапатталды.
IMG_5842
Байқау қорытындысы бойынша, жүлделі І орынды Амангелді ауданының қатысушысы Мейірім Тұрархан иеленді. Оған 20000 теңге көлемінде ақшалай сертификат берілді. ІІ орынға Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ студенті Айнұр Көбжанова ие болды. Тиісінше, ол 15000 теңге ұтып алды.  ІІІ орын Алтынсарин ауданынан келген Наргиз Насильбековаға берілді. «Тілдарын» атты облыстық байқауына қатысқандардың барлығына сертификаттар тапсырылды.    
Қазан айында Шымкент қаласында өтетін «Тілдарын» атты республикалық байқауға Қостанай облысының атынан Мейірім Тұрархан қатысатын болады.
IMG_5912

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓