Журналистер байқауы жарияланды

Қостанай облысының журналистері арасында дәстүрлі байқау жарияланды. Байқау өткізу ережесін облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ұсынады. 71137817
Жалпы ережелер
 
Облыстық конкурс Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсанында облыстық, қалалық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі БАҚ) журналистері, республикалық БАҚ-тың меншікті тілшілері арасында өткізіледі.
Конкурстың ұйымдастырушысы – «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ.
 
Конкурстың мақсаты:
 – бұқаралық ақпарат құралдарында елдің, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерін, тәуелсіз мемлекеттің саяси құрылысын жариялау бойынша редакциялық ұжымдардың шығармашылық және кәсіби жұмысын белсенділендіру;
– БАҚ қызметкерлерінің кәсібилігін көтермелеу және шығармашылық тәсілі мен шеберлігінің өсуіне ынталандыру;
– журналистердің шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру, мерзімді баспасөзде басым, қоғамдық-саяси және әлеуметтік мәні бар тақырыптарды кеңінен жариялау.
 
Өткізу мерзімі, тәртібі мен шарттары
 
Конкурсқа қатысуға республикалық БАҚ-тың меншікті тілшілері, облыстық, қалалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері дайындаған материалдар беріледі.
Конкурс туралы ереже Ішкі саясат басқармасының www.sayasat.kostanay.gov.kz ресми сайтында, сондай-ақ VKontakte, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жарияланады.
 
Конкурсқа қатысуға өтінімдер мына мекенжай бойынша қабылданады: Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 126, №505 каб. Байланыс телефондары: 575 – 354
 
Конкурс 3 кезең бойынша өткізіледі:
 
а) материалдарды жинау (2019 жылғы 25 мамырға дейін)
 
б) конкурстық комиссияның жұмысы (2019 жылғы 5 маусымға дейін)
 
в) конкурстық комиссияның қорытынды шығаруы (2019 жылғы маусым бойы)
 
2. Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар
 
Конкурстық жұмыстар әр түрлі жанрда болуы мүмкін: 2018 жылғы 1 шілдеден бастап, 2019 жылғы 25 мамыр аралығында мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жарияланған, эфирде орналастырылған мақалалар, очерктер, репортаждар, теле-радиобағдарламалар. Атап айтқанда:
– Газет және журнал материалдары түпнұсқада немесе газет (журнал) жолағының көшірмесінде ұсынылады. Басылымның атауы, нөмірі және жарияланған күні міндетті түрде көрсетіледі;
– Теледидар, радиосюжеттер, хабарлар теле-радиоарнаны, бағдарламаның атауын және эфирге шыққан күні көрсетіле отырып, электрондық тасымалдағыштармен ұсынылады;
– Интернет-басылымдардың материалдары – жарияланған сайттың, ақпараттық агенттіктің атауын, белсенді сілтемені көрсете отырып, баспа түрінде қабылданады;
– Фотожұмыстар А4 өлшемінде мерзімді баспасөз басылымның PDF нұсқасынан басылған түрінде ұсынылады;
– Операторлық жұмыс бейнесюжеттер ретінде телеарнаны, бағдарламаның атауын және эфирге шығу күнін көрсете отырып, электрондық тасымалдағыштармен ұсынылады.
 
Қатысушылар файлдық папкаға салынған (эстетикалық ресімделген) құжаттар пакетін ұсынады, оның ішінде міндетті түрде номинация көрсетілген өтінім, өтінімге қоса, кемінде 5 материал беріледі, бағдарламаларды қоспағанда – 3-тен кем емес:
 
– мерзімдік материалдар – көлемі кемінде 400 шаршы см;
– теле-радиосюжеттер – кемінде 1,5 минут;
– хабарлар – 15 минуттан кем емес;
– интернет-мақалалар – көлемі кемінде 1000 белгі.
 
Тиісті үлгіде ресімделмеген конкурстық жұмыстар қаралмайды.
Конкурсқа қатысушы тек бір номинация бойынша өтінім бере алады.
Конкурстық жұмыстар қайтарылмайды және рецензияланбайды.
Байқаудың Ұйымдастыру комитеті Конкурстық жұмыстарды байқауға арналған баспа және электрондық өнімдерде жариялау құқығын өзіне қалдырады.
Конкурстық жұмыстардың тілі – қазақ, орыс.
 
3. Конкурстық материалдарды бағалау критерийлері:
– материалдардың талдамалық деңгейі және ақпараттық қанықтығы;
– объективтілік және дәйектілік, жарияланымда дәлсіздіктер, құзыретті емес тұжырымдардың болмауы;
– тақырыпты толық ашу;
– авторлық стиль және тіл мәдениеті;
– тақырыпты әзірлеу бірегейлігі;
– ұсынылатын ақпараттың жаңалығы және маңыздылығы;
– материалды мазмұндаудың түсініктілігі;
– танытылған қоғамдық қызығушылық;
– материалды жазу, монтаждау және ұсыну сапасы.
– Конкурстың тақырыбы, мақсаттары мен міндеттеріне материалдың сәйкестігі.
 
4. Журналистер арасындағы конкурстың номинацияларының атауы
 
 
 
Республикалық БАҚ (теледидар, мерзімді баспасөз басылымдары, ақпараттық агенттіктер)
1.      
«Өңірлердің дамуы – елдің дамуы»
Қостанай облысының жетістіктері туралы республикалық БАҚ-тағы имидждік материалдардың сериясы үшін.
 
 
Баспа БАҚ, ақпараттық агенттіктер, желілік ресурстар
2.      
«Әлеутті экономика – әлеумет кепілі»
Жылдың Жолдауын және стратегиялық құжаттарды іске асыру призмасы арқылы Қостанай облысының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жарияланымдар сериясы үшін.
 
3.      
«Ауыл – Ел бесігі»
Ауылдық жерлердегі өмір сүру деңгейінің сапасын арттыруға, өңірлерде еңбек идеологиясын насихаттауға, Қостанай облысы өңірлерінің қоғамдық-саяси өмірін бейнелейтін іс-шараларды жариялауға арналған жарияланымдар топтамасы үшін.
 
4.      
«Рухани жаңғыру жаршысы»
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Ұлы даланың 7 қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру барысын, адамгершілік және мәдени құндылықтарды, прагматикалық ұлтты қалыптастыруды ақпараттық сүйемелдеуге бағытталған басылымдар сериясы үшін.
5.      
«Құқықтық мемлекет»
Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және іске асыруын жариялау, қоғамның құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру бойынша жарияланымдар сериясы үшін. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы күрес, қоғамда «нөлдік төзімділік» қағидаттарын қалыптастыру, тұрғындардың қауіп топтарымен жұмыс істеу арқылы экстремизм, терроризмнің алдын алу және қарсы іс-қимыл жөніндегі материалдар, журналистік тергеулер.
6.      
«Көзмерген» – «Мир в объективе»
Мерзімді баспасөз басылымдардың беттеріндегі үздік фотожұмыстар үшін.
 
Электрондық БАҚ (теледидар, радио)
7.      
«Біргеміз, тұтас іргеміз»
Қоғамдық сананы жаңғыртуды ілгерілетуге, базалық құндылықтар: тәуелсіздік, бірлік, бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам және жоғары руханият, отбасылық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды насихаттауға, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында мәдениет пен тілді сақтауға, этносаралық және мәдениетаралық диалогтың түрлі нысандарын жариялауға бағытталған бейне-, аудиорепортаждар сериясы үшін.
8.      
«Өнеркәсіп өрнегі»
Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысын жариялау бойынша бейне-аудиорепортаждар сериясы үшін.
9.      
«Халық және билік»
Қазіргі қоғамның дамуының өзекті мәселелерін, Қостанай облысының маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси оқиғаларын жариялауға бағытталған хабарлардың топтамасы үшін.
10.                        
«ОБЪЕКТИВті көзқарас» – «ОБЪЕКТИВный взгляд»
Үздік операторлық жұмыс үшін.
 

5. Жеңімпаздарды іріктеу
Конкурстық комиссия әр номинация бойынша үздік материалдардың іріктеуін жүргізеді, конкурстың жеңімпаздарын анықтайды. Қосымша номинацияларды тағайындау және барлық емес номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтау құқығын өзіне қалдырады.
Конкурстың қорытындылары туралы шешім конкурстық комиссия мүшелерінің көпшілігі шешімімен қабылданады, хаттамамен ресімделеді. Конкурстық комиссия Конкурстық жұмыстар бойынша қабылданған өз шешімдерінің себептерін түсіндірмеу және негіздемеу құқығын өзіне қалдырады.
Бірнеше өтінім берген тұлға, бір ғана номинацияда жеңімпаз болып танылуы мүмкін.
Жеңімпаздарды марапаттау Қостанай қ., 2019 жылғы маусым айында облыстық медиа-форум шеңберінде өтетін болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓