Діни сауат талқыға түсті

Дәстүрлі дін мен жат ағымдардың ара жігін қалай ажыратамыз? Деструктивті және экстремистік сипаттағы ұйымдардан қалай қорғансақ болады? Жастардың діни сауаттылығын қалай арттырмақпыз? Осы және өзге де сауалдар Рудный индустриялық институтында өткен кездесуде әңгіме өзегіне айналды.IMG_2977Басқосуға дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Әсет Нұғыманов, Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ академиясының оқытушысы, теолог Дәурен Тойматаев мен «Нұр» мешітінің бас имамы Азамат Мырзақанов пен «Серпін» бағдарламасымен білім алып жатқан студенттер қатысты. Мамандар жастарға діни экстремизмнің адамдар арасына іріткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашатынын, пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, бірлігімізге сызат түсетіндігін түсіндірді.IMG_2988
Дін хақында аз айтылып, жазылып жүрген жоқ. Дей тұрғанмен, қоғам өмірінде маңызды орын алатын бұл мәселеге өте мұқият назар аудару қажеттігін дүрбелеңге толы дәуірдің өзі дәлелдеп отыр. Ұлтымыздың мақтанышы ұлы Абай Құнанбайұлы: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» дегені келер ұрпаққа көп жайттан хабар бергені ақиқат.
Кездесу соңында қонақтар жастарды жат діни ағымдардан сақ болуға, халқымыздың діни ұстанымы мен салт-дәстүрлерін қастерлеуге, отансүйгіштікке шақырды.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ,
Рудный қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓