Әкім тікелей эфирде
Арқалық қаласының әкімі Эльдар Күзенбаев "Қостанай адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен азаматтар мен тұрғындарды жергілікті атқарушы органдардың негізгі қызметінің бағыттары бойынша ақпараттандыру мақсатында халық арасында кеңінен танымал Фейсбук әлеуметтік желісінде тікелей эфир өткізді.
Тікелей эфир барысында Эльдар Қонысбайұлы Арқалық қаласы әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс – шаралар туралы мәлімдеп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Тұңғыш рет өткізілген тікелей эфирге қала тұрғындары мен қалаға жанашыр азаматтар сұрақтарын белсенді қойып, қала әкімнің қайтарған жауаптарына ризашылықтарын білдірді.
Қала басшысы мұндай бұқарамен ашық сұхбат жүргізудің алдағы уақытта да өткізіліп тұратынын және оған заман талабына сай мемлекеттік мекемелердегі түрлі сала басшылары, ауыл әкімдері де атсалысатынын айтты.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы.