Балғындарға базарлық

Федоров аудандық балалар кітапханасында "Демалыс оқылымы"  акциясының қорытындысы ретінде әдеби кеш өтті.  Жаз бойы балғындардың  кітапқа деген қызығушылығын арттырған  игі бастама   баршаның көңілінен шықты.
Фото-0370Тағылымдық тәлім-тәрбиесі мол басқосудың бұл жолғы тақырыбы балалар жазушысы Сергей Козловтың әңгімелеріне  арналды. Әдеби кеш барысында бүлдіршіндер  "Ежик в тумане"  ертегісін сахналады. Сонымен қатар жазушының шығармалары желісінде түсірілген мультфильмдер  көрсетіліп, түрлі сайыстар өткізілді.
Мешіт Ғазиз.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓