Туғалы куәлік көрмеген
Арқалықта сот 16 жыл бойы құжатсыз өмір сүріп келген қыздың дүниеге келгенін заңмен бекітті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "16 жыл бойы Татьяна П. туу туралы куәлігі болмаған. Анасы қызын үйде босанып, туғаннан кейін не перзентханаға, не тіркеу органдарына бармаған. Бала осы күнге дейін құжатсыз өмір сүріп келген. Оның туғаны туралы дерек туу туралы куәлік жасау үшін керек болды", – деді сот өкілдері.
Қыз бала мектепте оқиды, оны әпкесі асырап жатыр. Анасының қайда екені белгісіз.
"Сот осы істі қарап шығып, баланың мүддесі үшін "Арқалық әкімдігінің білім бөлімінің" МҚ арызын қанағаттандырды. Осылайша Татьяна П. 2000 жылы 23 желтоқсанда дүниеге келген болып тіркелді", – деді сот өкілдері.
Сот үкімі әзірше заңды күшіне енген жоқ.