Усыз болашақ

Міне, осындай атаумен “Қостанайдың жас көшбасшылары” қоғамдық бірлестігі облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының тапсырысы бойынша арнайы жобаны жүзеге асыруда.
есірткіДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, есірткі, темекі және ішімдіктің салдарынан әлемде жыл сайын 50 млн. жуық адам көз жұмады екен. Тіпті, 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 100 миллионға жетеді деген де болжам бар.
“Қостанайдың жас көшбасшылары” қоғамдық бірлестігі қолға алған жобаның да басты мақсаты – жастарды ішімдіксіз, темекісіз және алкоголсіз салауатты өмір сүруге шақыру.
-Нашақорлық – бүкіл адамзат баласы үшін аса үрейлі де қорқынышты проблемалардың бірі. Қаншама ұрпақтың өмірін жалмаған осынау кеселмен күрес күн санап күшейтілсе де бой берер емес. Ең сорақысы, есірткіге елітіп, есінен айырылып жатқандардың дені жастар мен жасөспірімдер. Сондай-ақ, қазір жастар арасында темекі мен спирттік ішімдіктерге де әуес болушылар қатары көбейіп барады. Біздің жобаның басты мақсаты да жастарымызды осы жат әдеттерден арылтып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, – дейді бірлестік жетекшісі Гүлсім Бисембаева. 
Үш айға жоспарланған жоба аясында бірлестік мамандары Қостанай мен Рудный қалаларында және Қамысты мен Ұзынкөл аудандарында оқушылармен, жастармен кездесіп, нашақорлықтың алдын алуға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастыратын болады.
 
Қарлығаш Оспанова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓