Медицина колледжінің филиалы Рудныйда ашылады
Жалпы өңірде акушер, фельдшер мамандары тапшы. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін алдағы уақытта орта буынды медицина мамандарын даярлайтын оқу орыны ашылып, осы саладағы кейбір мамандықтар саны артпақ. Алдағы уақытта Қостанай медициналық колледжі өзінің филиалын Рудный қаласында ашпақ. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау бақсармасында өткен алқа мәжілісінде басқарма басшысы В.Дудник жеткізді.
-Өңірдегі медицина колледждерінде оқуға қабылдауды жылына 120 балаға дейін жеткізу қажет. Соның ішінде маман тапшылығының алдын алу үшін фельдшер, акушер мамандықтарын оқытатын топтарды көбейтпекпіз. Облыстық әкімдікпен бірлесіп, орта буынды медицина мамандарын даярлау үшін жол картасын әзірлеп жатырмыз, – деді ол.
Сондай-ақ, алқа мәжілісінде Қостанай медициналық колледжіне қарасты жатахана салуды, Арқалық медициналық колледжіне күрделі жөндеу жүргізу, компьютер және заманауи құрылғылармен жабдықтау мәселесін қоса көтерді.