Ұшақ жолақтан шығып кеткен
Қостанай халықаралық әуежайында бір күн ішінде екі жолаушы ұшағы асфальтбетонды ұшу жолағынан шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 сәуір күні «Нұр-Сұлтан-Қостанай» бағытында ұшып келген AIR ASTANA компаниясына тиесілі АIRBASSА-320 ұшағы жұмыс перронына тоқтау кезінде асфальтбетонды жолақтан шығып кеткен.
«Ұшақ батып қалған шұңқырдың тереңдігі 20-30 сантиметр болды. Борт ішінде 131 жолаушы және 8 экипаж мүшесі отырған. Жолаушылар трап арқылы өздері түсті», – деп хабарлады ТЖД ресми өкілдері.
Сонымен қатар, кеше Қостанай әуежайында AIR ASTANA ұшағының жолақтан тысқары аумаққа шығып кеткенін хабарлаған болатынбыз.
«Сағат 18:20-да «Нұр-Сұлтан-Қостанай» бағытында ұшып келген BOINGB-757 ұшағының сол жақ шассиі жолақтан шығып кеткен. Бортта жолаушылар болмаған. 8 экипаж мүшесінің арасында зардап шеккендер жоқ», – деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Нәтижесінде SKAT компаниясының «Қостанай-Алматы» рейсі бір сағатқа кешіктірілді.