Ұлттық кодты сақтау маңызды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жарияланғанына небәрі екі жыл болса да, атқарылған шаруа жетерлік. Ол мұнан соң Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын жаңа мақаласымен жалғасты. Ұшы-қиыры кең қазақ даласында жаһандық ауқымдағы мәдени құндылықтар жетіп артылады. Оны  әлемге паш етіп келеміз. Солардың бірі де Елбасын айтар едім. Қазақта ата деген қастерлі ұғым бар. Елбасы – елдің атасы, жол бастаушысы. Сондықтан да күллі әлемге осы Елбасымызбен мақтана аламыз. Бұл өз кезегінде Қазақстанның жаңа келбетін қалыптастырады. Елбасының өзі айтқан 30 дамыған елге ену қадамы рухани байлық басталары хақ. Ол мәдени-тарихи құндылықтармен сабақтасады. Қоғамдық сананы жаңғырту – заман талабы. Өркениетті елдер қатарына қосылу үшін де маңызды. Қоғамға рухани серпіліс беріп, оны заман көшіне ілестіру ұлтын сүйіп, ұлт тағдырын өз тағдырымен байланыстыратын жүрегі ізгілікке толы әрбір азамат – аталған міндеттерді қуана қабылдап, оны іске асыру барысына жұмыла кіріседі деген ойдамыз. Бәсекелестік жеке адамға ғана емес, тұтас халыққа ортақ үрдіске айналғалы қашан. Қоғамды серпілтіп, ел болашағын айқындайтын аса құнды құжатта барша қазақстандықтардың арман-мұраты тоғысқандай.
IMG_7012
Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодты сақтай білу. Мемлекет басшысы айтып отырған ұлттық код мәселесіне  тоқталсақ, бұл аса терең ұғым. Ұлттық код дегеніміз – ұлттық болмыс. Яғни, бір халықты басқа халықтан ажыратып, танытатын және сол халықтың әлем қауымдастығы алдында басқаға ұқсамайтын таным-түсінігі мен бітім-болмысын айқындап тұратын сипаты. Бұл сипаттың ерекшелігі  – дара халықтың жаратылысындағы айырықша антропологиялық генези­сінен бастап, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан дәстүр-салты, мінез-құлқы, арман-мұраты, тілі мен ділі, тұрмыстық-шаруашылық негіздеріне дейін толық қамти алуында. Бір сөзбен айтқанда, этностың тұтастығын сақтап тұрған кілтінің бүтін болуы.
Мен бұған дейінгі «Қостанай таңына» берген сұхбатымда рухани жаңғыруды әркім өзінен бастауы тиіс екенін баса айттым. Ал, рухани жаңғырудың өзі тазалықта жатыр. «Мен мемлекет үшін не істедім?» деген сауалды әркім өзіне қоюы тиіс. Расында, қазіргі уақытта тұрғындар үшін қаншама мүмкіндіктер жасалды. Айналаңызға зер салып қараңызшы: өз ісін білмейтін мамандар, сапасыз істелген жұмыстар, қоқысқа айналған көшелер. Бұған кім кінәлі? Адам неге өзін дұрыс жолға салмайды? Неге мемлекетке жаны ашымайды? Осы сынды сұрақтарды жалғай беруге болады. Кейінгі ұрпаққа ауыз толтырып айтатындай нәрсе болмаса, жеткенің қайсы?! Бұл жерде біреуге үй салып бер немесе көлік мінгіз деп отырған жоқ қой. Білім алып, елге пайда тигіз, ағаш отырғызып, айналаны көркейтуге атсалыс. Елбасы прагматизм туралы айтты. Бүгінде отбасы құндылықтары төменге сырғып бара жатқан секілді. Ал бұл мәселе қай заманда болсын, қазақ халқы үшін биік тұғырынан түспеген. Отбасы байлығы ас та төк той жасау, шетелге қыдыру емес. Мысалы, бір ғана құдалық рәсімін алайықшы. Мұны көзкөргендер екі жақтың бір-бірімен танысып, қолдарынан келетін өнерлерін көрсету деп ұғындырды ғой. Құдаларға рухани байлықтың не екенін көрсету бірінші орында тұрды. Шығындалып той жасағанша, қонақтарды үйде қарсы алғанға не жетсін! Төріңді көрсетсең одан әрі сыйың артады. Ал қазір ше? Той біткен соң, сонда өнер көрсеткен әнші-әртістер мен асабаны еске алады. Оның орнына сол әулеттің өнерлі адамдарын неге шығармасқа? Кей жағдайда, келген құда-құдашалардың кім екенін ұмытып қалып жатады. Міне, прагматизм дегеніміз осы. Қазақта «ізбасар» деген түсінік бар, яғни, аға ұрпақтың жолын жалғастырушы буын тәрбиелеу. Жақында ғаламтор порталынан қыста сабаққа бару үшін 5 шақырым жаяу жүрген бала туралы репортаж оқыдым. Міне, білімге деген ынта! Өскелең ұрпақ осындай жағдайларға қарап бой түзесе дейсің.
Ассамблеяның биылғы қайырымдылық шараларын қазақтың ұлттық Ұлттық құндылықтар туралы тағы бір мысал, біздің Ассамблея ұлттық құндылықтарымен байланыстырылған күнтізбе құрастырды. 12 ай бойы өтетін шаралардың әрқайсысы ұлттық дәстүрлермен өтеді. Қаңтар айындағы қайырымдылық шарасы «Сарқыт» деп аталады. Қазақ халқының дәстүрінде сарқыттың қандай орын алатынын бәріңіз білесіздер. Аталған акцияның аясында еліміздің барлық өңірі бойынша әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетіледі. Содан соң жыл соңында дәстүр атауларымен өткен қайырымдылық шаралары қорытындыланады. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады, бастысы, рухани жаңғыруды жеке тұлға ретінде сезінсек деймін.
 
Бибігүл Аққожина,
облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы
хатшылығының меңгерушісі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓