Меже – өнім көлемін арттыру

Биыл қостанайлық шаруалар 5 млн 275 мың гектар алқапқа дән сіңіруді жоспарлап отыр. Оның 4 млн гектарына бидай егіледі. Бұл туралы ауылшаруашылық тауар өндірушілері бас қосқан дәстүрлі агрокеңесте  облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов айтты.BAG_7941
         
BAG_7917
BAG_7987Биыл майлы дақылдар алқабы  476 мың гектарға ұлғайды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 46 мың гектарға көп.  265 мың гектар мал азығынатиесілі.  4,1 мың гектар картоп және 900 гектарға көкөніс отырғызылады.
        -Жыл сайын майлы дақылдарға қажетті алқапты ұлғайту арқылы біэ экспорт көлемін біраз арттырдық. Мәселен, осыдан бес жыл бұрын оның көлемі 39 мың тонна болса, қазір 151 мың тоннадан асады.  Өндірістің бұлай қарқын алуы өнімді қайта өңдейтін кәсіпорындардың жұмысын 13%-ке арттырды, ал экспорт көлемі төрт есеге көбейді,-деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.BAG_7974
 
BAG_7958Осыған байланысты аудан, қала әкімдеріне егістік жерлерін әртараптандыруға күш салып, майлы дақылдар алқабын  әлі де ұлғайта түсу міндеті жүктелді.
          Ғ.Нұрмұхамбетовтің айтуынша, кейбір шаруалар минералды тыңайқыштар қолдануға ат үсті қарайды.  Сондықтан, соңғы бес жылдың бедерінде астық сапасы біраз төмендеп, шығымы гектарына 12,5 центнерден аспайды. Мәселен, 2014 жылы элеваторларға жөнелтілген астықтың 10%-і төртінші класқа жатқызылған. Өткен жылы оның қатар екі есеге ұлғайыпты.BAG_7978
       Кеңесте сөз алған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өткен жылы облыс диқандары жаман жұмыс істеген жоқ деді. Мұны одан әрі жалғастыра түсу керек. Ең бастысы еңбек өнімділігін арттырған жөн. Сол арқылы өнім өндіру көлемі де ұлғаяды. Мәселен, былтыр облыс ауылшаруашылық тауар өндірушілері 378 млрд теңгенің өнімін өндірген. Бұл тәп-тәуір көрсеткіш.BAG_7980
          -Басты міндет – ауыл шаруашылық өнімдері көлемін ұлғайту қажет. Оған мүмкіндік те, жағдай да бар. Қазір ауыл шаруашылығын цифрландыру жүріп жатыр. Облыста әртараптандыру бойынша қыруар жұмыс атқарылып жатыр. 476 мың га алқапта майлы дақылдар егіледі. Әлі де алқапты көбейту керек. Бұл бағыттағы жұмыстар Ұзынкөл, Сарыкөл, Қостанай аудандарында баяу жүргізілген, – деді Архимед Мұхамбетов.
      Өңір басшысы облыс орталығында соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтылған қайта өңдеу кәсіпорны тұрғызылатынын мәлімдеді.
       -Жоба құны – 300 млн доллар. Онда 150 мың тоннаға дейін майлы дақылдар өңделеді. Әртараптандыру бойынша жол картасын жасауды тапсырамын. Аудан әкімдері осы жөнінде есеп беретін болады,– деді ол.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓