Асханаға жасқана кіре ме?
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі басшысының сөзінше, оқушыларға арналған тамақ бағасы инфляция процентіне қарай көтерілді. Бұл туралы alau.kz тілшісі жазды.
Бастауыш сынып оқушыларының бір күндік ауқатының құны 27 теңгеге қымбаттады. Олар 222 теңге төлейді. Ал орта сынып оқушылары әдеттегіден 29 теңге арық төлейді, яғни 235 теңге. Ал жоғары сыныптағылар үшін – 32 теңге, сәйкесінше, күніне – 257 теңге. Негізінен, жеткізушілер жекелеп сататын ыстық тағамдардың бағасы өсіп отыр.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қостанайда ыстық тағаммен 99,8% оқушы қамтылған. Олардың ішінде, шамамен, 1900 бала аз қамтылған отбасыдан шыққан. Олар үшін бюджеттен 40 млн теңге бөлінген. Қостанай мектептерінде ас-ауқат бағасы соңғы рет екі жыл бұрын көтерілген еді.