Қарыз – 600 млн теңге
Қостанайлықтардың жылу мен ыстық суға қарызы 600 млн теңгеден асты. Бұл туралы "ҚЖЭК" МКМ хабарлады. Қазір коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері сот орындаушылармен бірлесіп, борышкерлермен күрес жүргізіп жатыр.Өткен жылы коммуналдық төлемдерден жалтарған азаматтардың пәтерлерін саудаға қойған оқиғалар болған еді. Бұл мәжбүрлі тәсіл осы көктемде қайталануы әбден мүмкін. Өйткені қостанайлықтардың берешегі белшеден.
"Кейбірі бізге хабарласа алмайтынын айтып шағымданады. Өйткені бізде 66 мың абонент бар болғандықтан, телефон желісі босай бермейді. Сондықтан www.ktek.kz сайтының "Абоненттер" бөлігі арқылы цифрлық қызмет алып, қарыз көлемін білуге болады", – дейді кәсіпорын менеджері Салтанат Қасенова.
Ал бұл мүмкіндікті де пайдаланбай, қасақана қарыз өтемеушілер сот тәртібімен қудаланып, дүние-мүліктеріне, көліктеріне және қаржылық шоттарына тыйым салынады.
Айта кетейік, Қостанайда жылыту маусымы ауа температурасы орта тәуліктік өлшеммен +10 градус және үш күн ішінде одан жоғарылаған кезде тоқтатылады.
Айта кетейік, Қостанайда жылыту маусымы ауа температурасы орта тәуліктік өлшеммен +10 градус және үш күн ішінде одан жоғарылаған кезде тоқтатылады.