Тарихи шешімді зор ықыласыммен қабылдадым

Бүгінде әлемге әйгілі бас қаламыз Астанаға Нұр-Сұлтан атауын беру туралы шешімді қоғамның белсенді мүшесі ретінде толық қолдаймын. Әлемдік тарихқа көз жүгіртсек, елордаға Тұңғыш Президент есімін берген мемлекеттер жоқ емес. Осы орайда сарабдал саясатымен ел басқарған, Ұлы Дала төсінде жаңа астанамыздың бой көтеруі жолында аянбай еңбек еткен көшбасшымыздың есімімен елордамызды атау дұрыс шешім дер едім.
Гүлжан Бекбосынова, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған
мектеп-интернат директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.