Семинар Жолдауды сараптады
Алтынсарин ауданының «Жайлау» демалыс базасында республикалық және облыстық деңгейдегі спикерлердің қатысуымен «Елді модернизациялау – қазақстандық қоғамды нығайту мен дамытудың негізі» атты әдістемелік семинар-тренинг өтті.
Семинарды ұйымдастырушылар – «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «НұрШаңырақ» қоғамдық қоры.
Іс-шараның мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауын, «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «100 нақты қадам» ұлт жоспарын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын және басқа да бағдарламалық құжаттарды іске асыру шеңберінде қоғамдық-саяси іс-шараларды идеологиялық ілгерілетуді ұйымдастырудың бірыңғай алгоритмін әзірлеу.
Астана қаласынан келген экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек Арыстанбеков «Экономикалық және әлеуметтік даму мемлекет тұрақтылығының индикаторы ретінде» тақырыбында әңгімеледі. Ол экономикадағы рухани негіздер туралы және заңның үстемдігі әлеуметтік-экономикалық дамуға қалай әсер ететіні туралы түсіндірді. Шет елдердің экономикасын зерттеудегі қызықты үлгілерді көрсетті. Табысқа жетудің тәжірибелерін талқыға салды. Мәдениет, білім беру салалары да сөз болды.
Әсел Қибаш
Суретті түсірген автор