Жанкелдинге “Сыбаға”
Жанкелдин ауданы мал шаруашылығын дамытуға қолайлы елді мекен. Осыған сай облыс әкімі ауданға “Сыбаға” бағдарламасы бойынша 405 бас ірі қара алуды ұсынған еді.
Қазіргі таңда межеленген малдың 64 басы ғана сатылып алынды. Алдағы уақытта 206 бас ірі қараны алу жоспарланған. Мал шаруашылығын дамытып, аудан экономикасының өркендеуіне сүбелі үлес қосуға ниетті шаруа қожалықтарының құжаттары толығымен “Аграрлық несие корпорациясына” тапсырылды. Бағдарламаның жүзеге асырылуы жергілікті биліктің назарына алынған.
Байбатыр Ахметбеков
Жанкелдин ауданы