Көшелерді қайта атауландыру

 Халыққа қызмет көрсету орталығында Сарыкөл кентінің әкімі Сейітбек Қаппасовтың төрағалығымен көшелерді қайта атауландыру сұрақтары бойынша тұрғындармен кездесу өтті. Оған өз пікрілерімен бөліскісі келген тұрғындар жиналды.
 
Жиын барысынан көрінісАлдымен, аудандық Тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, ономастика комиссиясының мүшесі Гүлбаһра Елеуова өз баяндамасында аудан орталығында 6 көше жаңа атаумен аталатындығын және көшелердің 70%-ы өзгертілмейтіндігін жеткізді.
Сондай-ақ, Ленин көшесін – Тәуелсіздік, ал тағы екі көшеге – Тәттіқара жырау мен Барақ батыр деген тарихи атуалардың берілетіндігі жайында жоспарланған комиссия шешімінің нұсқаларын ұсынды.   
Жалпы, жиналғандардың дені көшелерді қайта атауландыруға  қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Мәселен, Ново-Урицк кентінің тұрғыны Светлана Коваленко «кеңестік» дәуірде қалыптасқан Ленин, Юбилейная және Орджоникидзе сынды көшелерді қайта атауландыруға қарсы екендігін  білдірді. Ал есесіне, сол Ленин көшесінің тұрғыны Владимир Прокофьев болса, ол  өз көшесін Қазақ ССР-ның  білім үздігі, сарыкөлдік Сейіт Қоржыновтың есімімен ауыстыру жөнінде ұсынысын ортаға тастады. Сол секілді, кейбір кісілер Набережный көшесі кезінде аталмыш көшеде тұрған, өз борышын өтеу үстінде мерт болған авиация подполковнигі Марат Едігеевке лайық деп тапса, енді бірі кейбір көшелерді Қараобадан шыққан Ө.Сұлтанғазиннің, Социалистік Еңбек Ері Ғазиз Сексеновтың есімдерімен ату керектігін тілге тиек етіп, ортақ пікірлерімен бөлісті.
 
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓