«Сенімділік» командасы

«ССКӨБ» АҚ Кен дайындау және байыту фабрикасында техникалық қызмет көрсету мен жөндеу үдерістерін жақсартуға бағытталған «Сенімділік және жоспарлау орталығы» ашылды. Жаңа орталық жабдықтардың техникалық жағдайына жауапты барлық қызметтердің шешім қабылдаудағы жеделдігін арттырмақ.IMG_0491
Символикалық қызыл лентаны кескен Еуразиялық Топтың Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі Басқарушы директоры Денис Луговской стратегиялық жобаны жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып өтті.
– ССКӨБ – осы мәселеде Еуразиялық Топтың басқа кәсіпорындарына үлгі. Белгілі бір бөлімшенің деңгейінде ашылған орталық өзара әрекеттесу мен жөндеу сапасын арттыру міндеттерін шешпек. Қазір цифрландыру, нәтижелі диагностика мен өнеркәсіптік ғаламтор ғасыры болғандықтан заман ағымынан қалыс қалмауымыз қажет. Сіздерді, шын мәнінде, дайын өнімді жеткізуде тұрақты, әрі сенімді кәсіпорынды қалыптастырып отырған «сенімділік командасы» деуге болады, – деді ол.IMG_0527
Бүгінде жаңа орталыққа бас механик, энергетик, диагност, жөндеуді жоспарлаушы, логист, сенімділік жөніндегі маман жайғасты. Олар фабрикадағы жабдықтардың өз уақытында жедел, әрі сапалы жөнделуіне жауап береді. Команданың бірлескен қоян-қолтық жұмысы темір кені концентратын шығарудың тұрақтылығын қамтамасыз етпек.IMG_0470
Айта кетейік, дәл осындай «сенімділік орталығы» өткен жылы кәсіпорын басқармасының ғимаратында да ашылған болатын. Өзінің тиімділігін көрсеткен тәжірибе басқа бөлімшелерге де таралып отыр.
 
Қуаныш Есқабыл

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓