300 мың теңге пара алған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Сисеновтың парамен ұсталғанын мәлімдейді.
«Оңай жолмен ақша таппақ болған Б.Сисенов аудан аумағындағы 3 құрылыс нысанын қолданысқа беру актілерін тіркеуі үшін жеке кәсіпкерден 300 000 теңге көлемінде пара алған. Лауазымды тұлға Рудный қ. ІІБ уақытша ұстау бөліміне қамалды. Әзірше сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Ұлттық бюроның баспасөз қызметі.