10 млн-ды “олжа” еткен

Қостанай облысында "Пәтер" жедел алдын алу шаралары аяқталды. Ол 4 ақпанда басталған еді. Осы мерзімде бірнеше қылмыстың жолы кесілді. Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты.a382c9a58fcf7e67aa7dcd3b4cead9dd_XL30 қаңтарда Қостанай қаласындағы 5 шағын ауданда ауыр шығынға соқтырған ұрлық жасалғаны белгілі болды. Беймәлім ер адам пәтерге кіріп, ішінде 10 млн теңге және алтын бұйымдар болған сейфті ұрлап әкеткен. Жалпы шығын – 11 млн теңге. Операция кезінде 30 жастағы қала тұрғыны күдікпен ұсталды.
"Бұған қоса, полицейлер тағы бірнеше ұрлық оқиғаларын ашты. Құсмұрын ауылының 21 жастағы тұрғыны қолға түсті. Ол 24 қаңтарда түн мезгілінде ауыл дүкенінің есігін бұзып, ақша, алтын бұйымдар және азық-түліктер ұрлап кеткен. Шығын көлемі – 600 мың теңге", – делінеді хабарламада.
Операция кезінде ұялы телефон ұрлықтары да ашылды. 9 мобильдік құрылғы иелеріне қайтарылды. 
Шараның алғашқы үш күнінде пәтерлерде осы уақытқа дейін жасалған 33 ұрлықтың жасырулы ізі табылды. Мұның 13-і – өткен жылы істелген қылмыстар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓