Мұз астына кетті

Демалыс күні Тобыл өзенінде SsangYong автокөлігі мұз астына кетті. Оқиға Рудный қаласының демалыс саябағына жақын жерде орын алған. Бірер сағаттың ішінде құтқару қызметі көлікті сыртқа шығарып алды. Жапа шеккендер жоқ.сан йионг
Айта кетейік, бұл биылғы қыста Тобыл өзенінде тіркелген бірінші жағдай емес. Еліміз бойынша да отбасымен суға кетіп, қайтыс болған оқиғалар кездеседі. Сол себепті полицейлер өзі мен жолаушылардың қауіпсіздігін қатерге тігіп, мұз үстінде көлікпен қыдыруды ұнататын жүргізушілерге қатаң ескерту жасайды. Сақтанғанды Құдай да сақтайды емес пе.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓