Еліміздің боксшылары Азия ойындарында 6 алтын жүлдеге ие болды
Қазақстандық боксшылар үздік нәтиже көрсетті . Бүгін Азия ойындарында бұлғары қолғап шеберлері өз бәсекелерін аяқтап, жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Олар 6 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлде ұтып, командалық есепте топ жарды.

Айта кетейік, Инчхондағы шаршы алаң бәсекесінде біздің қос жерлестеріміз Антон Пинчук пен Иван Дычко, сонымен қатар Ілияс Сүйлейменов, Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы, Әділбек Ниязымбетов, Азия ойындарының чемпионы атанды.
Мешіт Ғазиз