Жастар жылында, жарыс жолында
Бүгінгі жас – ертеңгі кәсіби маман, болашақ отбасының тірегі. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез-келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Себебі патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды. Осындай рухани тәлім-тәрбиені насихаттауды мақсат тұтқан Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіт қызметкерлері қалалық спорт бөлімімен бірлесе отырып, жастар жылы аясында тоғызқұмалақ және шахматтан «Жігерлі жастар» атты жарыс өткізді.
Жарысқа 18 бен 35 жас аралығындағы 65 адам қатысты. Сайыстың арнайы ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары мен ардагерлер кеңесінің төрағасы сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар жарыстың басында өңіріміздің дін жанашыры Мираш қажы ақ батасын берді.





Қанат Орынтайұлы