Үйір жылқы жоғалды
Оқиғаның Ұзынкөл ауданында болғанын alau.kz хабарлайды. Үйір жылқы исеі Сергей Кащенконың айтуынша, 90 бас қылқұйрық із-түссіз жоғалып кеткен.
"Олардың әрқайсысының табанында "К" және "12" деген таңба бар. Сондай-ақ, көбісі ақ жалды. Үйірді іздеп қайда ғана сабылмадым деңіз, тіпті Қорған облысына дейін бардым. Ешқайда жоқ. Полицейлерге де арыз беріп қойдым", – дейді жылқышы.
Ол шегіп отырған шығын көлемі 20 млн теңгеден асады. Үйірдің қайда жүргендігі туралы қандай да бір ақпараты бар адамға жақсы сыйақысы барын айтады.