Жәрдемақы қаншаға өсті?

Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 15,4-тен 16,1 мың теңгеге өскенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  жардемакыОның айтуынша, жәрдемақы мөлшері елдегі инфляция деңгейіне байланысты индекстеледі екен.  "Биыл инфляцияның орташа дәлізі бес пайыз және соған байланысты жәрдемақы көтерілді.
"Күміс алқа", "Алтын алқа" медальдары бар көпбалалы аналарға өмір бойы ай сайын жәрдемақы беріледі. Басқа елдерде мұндай жоқтың қасы. Ресейде ана капиталы бар. Бізде, егер барлық жылдарды санайтын болсақ, бірнеше миллион теңге шығады", – деді Әбілқасымова үкімет отырысынан кейін кулуарда. 
"Күміс алқа" белгісі алты не одан да көп баланы тәрбиелеп отырған аналарға, ал "Алтын алқа" жеті не одан да көп баланы асырап отырған әйелдерге беріледі. 
.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓