Шырша шамы жағылады
Жаңа жылдың символына айналған жасыл шыршаның шамы бүгін кешкі 18:00-де жағылмақ. Бұл туралы ақпаратты облыс әкімінің баспасөз қызметі таратуда.
Жасыл желектің жиырма екі метрлік сұлбасы облыс әкімдігінің алдына орнатылған. Жасанды шырша сәндік шарлармен, динамикалық гирляндалармен иллюминациямен және анимациялық суреттермен, жарықдиодты элементтермен безендіріліпті.
Облысымыздағы басты шыршамен бірге Қостанайда тағы төрт шырша «іске» қосылмақ. Биыл алғаш рет Қостанай-2 ауданында №122 мектептің жанында жаңа жылдық шырша орнатылды. Тәуелсіздікке 25 жыл алаңындағы мұз айдынының ортасына, енді бірі – «Шағала» жағалауына орнатылды. Бұл шырша Үлкен көпір арқылы қалаға кіретіндердің көз қуанышына айналмақ. Ал төртінші шырша Жастар бульварына орнатылды.
Жұматай Төкенұлы