160 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Тәуелсіздік мерекесі күні «Әуежай»  ықшам ауданында 6 көп қабаттытұрғын үйел игілігіне тапсырылды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасыбойынша салынған зәулім үйлерде жалпы саны 500-ге жуық пәтер бар. Тұрғын үй кешені ауласында өткен салтанатты шарада 160 отбасы  облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қолынан пәтер кілтін алды.  Қуанышқа жиналған көпшілікті Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, ыстық ықыласын білдірген облыс әкімі: «Бұл үйлердің барлығы «Тұрғын үй жинақ банкі» арқылы салынған. Бүгінде үлескерлер мен салымшылар саны жыл санап өсіп келеді. Осыдан 3-4 жыл бұрын 10 мыңның үстінде ғана еді, қазір олардың саны 56 мыңға жетті. Яғни жыл сайын 30%-ке еселеніп отыр. Бұл шағын аудандағы үйлердің құрылыс материалдарының барлығы, цемент, кірпіш, есік-терезе, жабынына дейін, өзіміздің Қостанай облысында жасалған. Бұл бүгінгі таңда өңірде баспана құрылысы қарқынды жүріп жатқанын, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының халық сеніміне ие болып, жүйелі жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді. Осының барлығы бүгін бүкіл ел болып 27 жылдығын тойлап жатқан киелі Тәуелсіздігіміздің арқасында мүмкін болып отыр» – деді. 
IMG_6695
Тәуелсіздік күні баспана бақытына бөленген жанның бірі – Сандуғаш Жүсіпова. Бір ұл тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана мереке күні қуанышы еселеніп, екі бөлмелі пәтерге ие болды.  Айтуынша, «Тұрғын үй жинақ банкіне» 6 жыл бұрын салымшы болып тіркеліп, тапқан нәпақасынан жырып қор жинапты. «Қалаға қоныс аударғаныма біраз жыл болды. Өзім денсаулық сақтау саласындағы қарапайым санитармын. Ұзақ жыл пәтер жалдап келдім. Бүгін көптен күткен қуанышқа кенеліп, әкімнің өз қолынан кілт алдым. Біздің үйдің орналасқан жері де өте ыңғайлы. Спорттық ойын-сауық кешені, футбол алаңы, балаларға арналған ойын алаңы, сауда орталығы барлығы да тиіп тұр. Келесі жылы мектеп ашылады.  Үйде лифт істеп тұр.Пәтерім екінші қабатта. Бөлмелерім кең. Бұдан артық не керек?! » – дейді қуаныш иесі толқи сөйлеп.
Осылайша ұлық мереке күні  «Әуежай» шағын ауданындағы 9 қабатты 6 үйден тұратын кең аулада жаңа тіршілік нышаны басталды. Жыл санап зәулім-зәулім жаңа үйлер  бой көтерген шағын ауданның абат келбеті де көз тартарлық. Ауданның батыс шетінде бес-алты жаңа үйдің  қаңқасы құрылып, тағы бірнеше көп қабатты үйдің құрылысы аяқталуға жақын тұр.
 
IMG_6705
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓