Ыстық су тоқтатылады
Жылу құбырларын нығыздап тексеру мақсатында 4 қыркүйектен бастап, облыс орталығында ыстық су беру тоқтатылады.
Гидравликалық құрылғылардың күшімен құбырлардың әлсіз тұстарын анықтап, ақаулықтарды жою жоспарланған. Жылда дәл осы мезгілде қолға алынатын тексеріс жұмыстары 17 қыркүйекке дейін созылуы ықтимал. Жылу энерго компания өкілдерінің уәжіне құлақ асар болсақ, жалпы алғанда Қостанай қаласы қыстың қытымыр аязына сақадай-сай.