Ерен еңбек егесі

        Елге қызмет етіп, еңбегі еленген үлгілі тұлғалардың өмір жолын кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында облыс орталығындағы Н.Островский атындағы кітапханада  мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері – Тоқтарбай Қадамбайұлы мен Раиса Балғабайқызымен кездесу өтті.DSC05028
         Тоқтарбай Қадамбайұлы бүгінде мемлекеттік қызмет саласының ардагері, халық игілігіне лайықты үлес қосып жүрген, әлі күнге еңбектен қол үзбеген жандардың бірі. 1963 жылы білім саласында істесе, 1995-1998 жылдар аралығында Қостанай облысын басқарды. Тоқтарбай Қадамбайұлы мемлекеттік, халықаралық марапаттардың, жүлделердің,  «Құрмет белгісі», «Құрмет орденінің» иегері.  
       Тоқтарбай Қадамбайұлы «Қостанай-Торғай – бауыр ел» атты ел өңірінің шынайы болмысын баяндайтын әннің сөзін  жазушы Ғұмар Ахметчин  ағамызбен бірлесе отыра жазыпты. Ал әнін белгілі сазгер Бақытжан Сәуекенов ағамыз шығарған екен. Ағамыздың бойында ақындық өнер де бар. Ол «Ел бағы – Елбасы»,  «Толқыған Торғай, Тобылым» атты кітаптардың авторы.DSC05046
        –Маған өлең шығару өнері  нағашы әжемнен дарығандай. Өйткені, әжемнің суырыпсалма ақындық өнері бар еді. Елдегі атаулы мерекелерде өлең шығаратынмын. Бірде "неге Елбасымыздың өмір жолын өлеңмен жеткізбеске" деген ой келіп, «Ел бағы – Елбасы» деген атаумен Президентке арналған жырымды жинақ етіп шығарып, кітапты Елбасына тарту етіп жолдаған болатынмын. Кейіннен Астанадан Елбасының көмекшісі қоңырау шалып: "Тоқтарбай Қадамбайұлы, сізді мемлекет басшысымен байланысқа қосамын", – деді. Арғы жақтан Елбасының даусы жарқын шықты. Өңірдің жағдайын, жұмысымды сұрастырып, кітабымды алғанын, оны бастан-аяқ оқып шыққанын жеткізді. Менің ауыл шаруашылығы саласында жұмыс атқаратынымды біле тұра,  кітапты оқи келе, ақындық қырымнан танығанын айтып ризашылығын білдірген болатын, –  деді Тоқтарбай Қадамбайұлы. 
        Бүгінде ағамыз жұбайымен немере мен шөберенің қызығына тоймай, бірге бақытты ғұмыр кешуде. Кеш барысында ағамыз жиылған жастарды алдарынан қанша тосқауыл жолықса да төзімді бола білуге шақырды.DSC05023
      Әкенің айтқан ақылын тыңдап, қаржы саласын таңдаған Раиса Балғабайқызы да бүгінде аяулы жар, ардақты әже болып отыр. Еңбек жолын қарапайым қызметкерден бастаған ол, бүгінде Қостанай қаласының  қаржы бөлімін басқарады.  2016 жылы «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталды. Қаржы саласының қыр-сырын жетік меңгерген Раиса Балғабайқызын үздік маман деп мол сеніммен айтуға болады.
      Кеш соңында кітапхана жанындағы «Толқын» шығармашылық студиясы жастарының өлеңдер жинағының тұсауы кесілді.DSC05053
 
Әсел Қибаш

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓