Мерекелік тарту

“Халық” жеке қайырымдылық қоры Халық банкімен бірлесе отырып, “Инватакси” ауқымды әлеуметтік жобасын іске қосқан болатын. Аталған жоба аясында мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдауға арналған 20 арнайы автокөлік сатып алып, оларды еліміздің жиырма қаласындағы өңірлік мүгедектер қоғамдарына ақысыз тапсыру қарастырылған. инватакси2
Мүгедектер арбасына таңылған адамдарды тасымалдау үшін жабдықталған ГАЗ 32212 маркалы микроавтобусы бүгін “Қостанай қалалық мүгедектердің ерікті қоғамына” табысталды. Қайырымдылық іске мұрындық болғандарды қолдауға келген облыс әкімі А.Мұхамбетов те мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай туғызып жатқан қор басшыларына зор алғысын білдірді.инватакси1
-Өздеріңіз жақсы білесіздер, елімізде Елбасымыздың тікелей қолдауымен  мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру тұрғысында көптеген жұмыстар қолға алынуда. Бұл тұрғыда жергілікті билік пен бизнес өкілдері тарапынан да жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Бүгін соның бір жарқын көрінісі ретінде “Халық” қайырымдылық қоры игі іске мұрындық болып жатыр. Қазіргі таңда өңірде “Инватакси” қызметінің аясы кеңейіп келеді. Мәселен, бұрын Қостанай, Рудный, Арқалық қалаларында болса, қазір бұл қызмет түрі Қостанай ауданында да пайда болды. Осы күні облыста 11 “Инватакси” қызмет көрсетуде. Бір жыл ішінде оларға 16 мыңға жуық шақырту түсетін көрінеді. Мемлекеттік тапсырыс аясында біз осы мақсатқа 40 млн теңге бөлдік, жыл сайын қаржыландыру көлемі де артып келеді. Облыс орталығында болсын, аудандарда болсын сонау Кеңес үкіметінен “мұраға” қалған ғимараттар да жетіп артылады. Өкінішке қарай, олардың дені мүмкіндігі шектеулі жандардың емін-еркін жүріп-тұруына бейімделмеген. Сондықтан, қазір ғимараттарға пандустар төсеу мәселесі де қатты қолға алынды. Бүгінде біз облыс бойынша 1600 нысанды бақылауға алдық. Әр аудан, қала әкімдері бұдан хабардар. Алдағы уақыттарда да осындай игі істер көбейе берсін дегім келеді. Баршаңызды келе жатқан Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілеймін, – деді облыс әкімі А.Мұхамбетов.инватакси3
“Халық” жеке қайырымдылық қорының директоры И.Скородиевскийдің айтуынша, “Инватакси” көліктерін сатып алу идеясы Халық банктің 95-жылдығына орай қолға алынған “95 игі іс” эстафетасының аясында туындаған. Сонымен қатар, банк пен қор бірлесе отырып мектепке дейінгі балаларға арналған ауладағы спорт-ойын кешендері, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз көпбалалы отбасылардан шыққан бірінші сынып оқушыларына ортопедиялық рюкзактар мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар сатып әперу сияқты бірқатар қайырымдылық бастамаларды да іске асырыпты. Банк арықарай да мәдениет, өнер, спорт, денсаулық сақтау мен білім саласына қолдау көрсетуді, мүмкіндігі шектеулі адамдарға ерекше назар аударуды жалғастыруды көздейді.
-Мүмкіндігі шектеулі адамдар “Инватакси” қызметінің арқасында жол жүру шектеулерінен арылып, әлеуметтік өмірге, соның ішінде жұмыспен қамтылу арқылы белсенді қатысуға мүмкіндік алады деп үміттенеміз, – дейді Иван Скородиевский.инватакси4
Жобаның жалпы құны 191 млн. теңгені құрайды, ең бастысы – “Инватакси” қызметі тегін көрсетілмек. “Инватакси” шақыртуға өтінімдер диспетчер арқылы жол жүру жоспарланған уақыттан бір күн бұрын қабылданады. Бұл “Инватакси” қызметін Қостанай қаласындағы 700-ден астам мүмкіндігі шектеулі жандар пайдалана алады. Арнайы көлік мүгедектер арбасын көтеруге арналған құрылғылармен жабдықталған.
 

 

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓