Айбыны асқақ – Ата заң

Тәуелсіз еліміздің айбыны асқақ ата заңы – ҚР конституция күні мерекесін арқалықтықтар да зор салтанатпен атап өтті. Орталық "Наурыз" алаңындағы күрделі жөндеуден өткізілген дала сахнасы еліміздің конституциялық символдарымен безендіріліп, қала тұрғындары да мерекелік шараға көптеп жиналды.
 заңСалтанатты шараның ашылуында еліміздің әсем әнұраны шырқалып, тұғырлы туымыз әскери шерумен сахнаға әкелінді. Қала әкімі Ғазиз Бекмұхамедов халыққа мерекелік құттықтауын арнап, бірқатар еңбек озаттарын алғыс хатпен, грамотпен марапаттады.
 Елдігіміздің тұғыры ата заң күніне қала халқы зор табыстармен келіп отыр. Конституция күні қарсаңында Елаасымыздың пәрменімен "Жезқазған – Бейнеу», «Арқалық – Шұбаркөл» теміржолы іске қосылды. Қаладағы теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Теміржолшыларға арналып жаңадан салынған 45 пәтерлі тұрғын үйде тұрғындар қоныс тойын тойлады.
 Жетістіктері еселенген еліміздің асқақ мерекесінің құрметіне қала өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, төңіректі думанды дүбірге бөледі.
                                                                       
                                                                           
Мұрат Жүнісұлы
 Арқалық қаласы

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓