Қонайда құрылыс қарқынды
Өңір басшысы А.Мұхамбетов Қостанай қаласындағы тұрғын үй құрылыс нысандарын аралады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аймақ басшысы Қонай шағын ауданына да арнайы барды. Қазіргі уақытта мұнда жоспарланған жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.. Шағын ауданда 1425 пәтер салынып жатыр. Нақтылай айтқанда, 30 тұрғын үй және 900 орындық бір мектеп негізі қалануда. Сондай-ақ, 280 орындық 4 балабақша және 900 орындық тағы бір мектеп салу жоспарда бар.
Архимед Бегежанұлы Қостанай қаласының әкімі Қ.Ахметовке жоспарланған жұмыстарды сапалы және көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев