Ептілер есе жібермеді

Осы жылдары ауыл спортын дамыту мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Әр ауыл кем дегенде бір рет аймақтық жарыстар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Сондай жоғары дәрежелі волейбол турнирі Аманкелді ауданының Байғабыл ауылында өткізілді. «Қостанай таңы» газеті мұрындық болған ашық турнирге әр ауылдан 10 команда шақыртылды. Жарыстың жүлдесі мен шығындарын газет басшылығы көтерді. Басты мақсат – ауыл спортын дамыту, волейбол ойынын бұқаралық сипатқа шығару. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстанның құрметті журналисі Хамитбек Мұсабаев спорт тақырыбы «Қостанай таңы» газетінің беттерінен үнемі жарық көріп тұратынын айтты. Сондай-ақ, Байғабыл ауылының әкімі Асхат Зейнолдин мен аудандық білім бөлімінің спорт әдіскері Нұрлан Қарқынбаев «Қостанай таңы» газетінің ұжымына алғыстарын жеткізді. Айта кетейік, жарысқа «Нарбай» ШҚ, «Легион» сауда дүкендері демеушілік көрсетті.
IMG_2162
IMG_2195
Сонымен, Ақан Нұрманов атындағы орта мектепте жұрт қарасы қалың. Төрешілер қосынында облысқа есімдері белгілі кәсіби волейбол шеберлері – Қанат Өміртаев пен Серік Закариндер тұрды. Сонымен, кім мықтыны анықтау үшін доп додасы басталып кетті. Алдымен, байғабылдықтар Аманкелді орта мектебінің командасын қабылдады. Тартысты өткен партияларда жарыс иелері жеңімпаз шықты.
Кездесулердің арасында ардагер спортшы Айтмұхамбет Биғабыловты сөзге тарттық. Ағамыз волейбол спорты ережелерінің өзгергенін айтады.
IMG_2444
– Көбі жаңа ережелерді білмей жатады. Бастысы негізгі талабы ауысқан жоқ. Волейбол адамды ұжымдық қимылға, жеке бас мүддесін команда мүддесіне бағындыра білуге, тәртіпті болуға, өзгелерге дер кезінде көмекке келуге үйретеді. Осыған қуанамыз.
Кезінде әр аулада волейбол алаңқайлары болатын. Жаздың аңқа кептіретін ыстығында ауылдың үлкен-кішісі осы жерден шықпайтынбыз. Алаң ортасындағы қызу дода. Бір ұпай үшін шыр-пыр болып қаласың. Биік жетістіктер осындай шағын бастамалардан басталады. Бүгінгі жарыстан да осыны байқап отырмын. Әсіресе, оқушылар қиып ұру әдісін тамаша меңгеріп алыпты, – деді Айтмұхамбет Нүркейұлы.
Көптен бері мынадай волейбол жарысын тамашаламаған жанкүйер қауымның делебесі қозып, әр ұрған дәл соққыларға қиқу салып, қолпаштауда. Шебер шабуыл мығым қорғанысқа қарсы өткен ойындар легі ауыл тұрғындарының есінде ұзақ қалары сөзсіз.IMG_2188
Болашақ волейболшылар дайындаудың алғашқы бесігі мектептегі дене тәрбиесі дәрісі екені рас. Мәселен, Байғабылдағы турнирдің бас төрешісі, мықты волейболшы Қанат Өміртаевтың айтуынша, дене тәрбиесі дамуының сапалық өлшемдеріне назар аудару маңызды.
– Волейболда теориялық жәңе әдістемелік білімдерді, айла-әдіс шеберлік деңгейін қамтитын бағдарламалық материалдарды меңгерген дұрыс. Теорияны білген спортшы практикада озық шығады. Бұл дәлелденген процесс. Мысалы, біздің құрамада Жанболат Қонысбек деген оқушы бар. Ол бойшаң болмаса да, волейболдың теориясын меңгеріп келе жатыр. Соның арқасында алаңдағы позицияны дұрыс таңдауды, допты ойынға қосудың түрлерін үйренді, – дейді ол.
IMG_2597
Бас төреші айтқандай, екі рет ұтылған команда жарыстан шығып қалады. Ал мықтылар келесі кезеңге өте бермек. Финалдық кезеңге 4 команда жолдама алды. Үшінші орын үшін өткен ойында Үрпек ауылының командасы Құмкешу орта мектебінің ұжымын жеңді.  Финалдық бәсеке Ақан Нұрманов және Аманкелді орта мектебінің командалары арасында өтті. Бірінші партия 25:17, ал екінші бөлік 25:15 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.
IMG_2322
IMG_2660
Ақылдастар алқасы үздік ойындарымен көзге түскен жекелей спортшыларды марапаттады. «Үздік ойыншы» аталамында жеңіске жеткен Еламан Сапарбек (Байғабыл) газет ұжымы тағайындаған сыйлыққа ие болды. Тағы да бірнеше аталымдардың үздіктері анықталды: «Үздік қорғаушы» – Ернұр Серікбаев (Амангелді), «Үздік шабуылшы» – Асылжан Өміржанов (Б.Қолдасбаев орта мектебі), «Үздік ойын үйлестірушісі» – Нұрислам Жабаев (Байғабыл), «Көрермен көзайымы» – Шоқан Сағымжанов.
IMG_2755
– «Қостанай таңы» газеті жарыс өткізеді деген күннен бастап дайындықты күшейттік. Ауыл ішінде бірнеше жолдастық кездесулер өткізілді. Бас бапкеріміз Ерлан Қайралапұлы тың тактикаларды меңгертті. Ол турнир барысында жақсы іске асты. Жеке қоржынымда облыстық газеттің жүлдесі барына шексіз қуаныштымын. Осы жарыс жыл сайын өткізілсе деген тілегіміз бар, – дейді жарыстың үздік ойыншысы Еламан Сапарбек.
IMG_2924
IMG_2898
«Қостанай таңы» газетінің турнирі жастардың аудандық жарыстар қарсаңындағы дайындықтарын бір пысықтауға мүмкіндік берді дейді бапкерлер. Байғабыл ауылының әкімдігі жарысты дәстүрлі түрде өткізуге ниет білдірді.   
IMG_2881
IMG_2744
IMG_2303

 

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев  
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓