Тұрғындар лифт сатып алуға мәжбүр

Қостанай қаласының Темірбаев көшесіндегі №39 көп қабатты үйдің тұрғындары 9 млн теңгенің лифтін өздері сатып алуға мәжбүр. Бұл туралы олар "Алау" редакциясына жәрдем сұрап хабарласқан. 465-300x183Жеделсатысыз қайтіп күнелтуге болады және оны істен шығарып тастаса, кінәні неге тұрғындар арқалауы керек? Осынау бір сұраққа аталған үйдің тұрғындары қараша айының басынан бері жауап іздеп әлек. 1 қарашадан бері жұмыс істемей тұр. Енді олар құрылғының сараптамасына және жаңасын орнатуға өздері ақша жинауға мәжбүр. Ал жаңа лифт құны – 9 млн теңге. 
Тұрғындар лифтті ағытып тастағанына, жоғары қабаттарға азаппен көтеріліп-түсуге мәжбүрленгендеріне өкпелі. Айтуларынша, жеделсатының 2007 жылы зауытта шығарылып, сол жылы-ақ үйге орнатылған. Мұның өзі құрылғының пайдалану мерзімі белгіленбегенін білдіреді. Оны былай қойғанда, 11-ақ жыл істеуі – сапасының сын көтермегені. Лифтинвест компаниялары әр жыл тексеріс жұмыстарын өткізіп жатқанымен, одан қайран болған жоқ. Міне, осындай пікірлерімен телеарна тілшісіне шуласып қоя берді. Олар мұңдарын айтып әртүрі инстанцияға, "Железнодорожник" ПИТК-не, сондай-ақ, қалалық әкімдікке жүгінген,алайда сол күйі жауап алынбаған.555-300x192
"Біз Тарасов басшылық ететін ТКШ бөлімінде болдық. Ол бір лифттің 9 млн теңге тұратынын, ортақ мүлкіміз болғандықтан, өзіміздің сатып алуымыз керегін айтты", – дейді №8 дәліздің жауапкері Любовь Хлопкова. Ал «Қостанайлифтинвест» ЖСШ бұл үйге қызмет көрсетуден бас тартқан. Енді тұрғындар басқа фирмамен келісімшарт жасасып, лифттерді қалайда өздері салып алуы тиіс екен. 
Қазір талқаны таусылған тұрғындар әр пәтерден құрылғының сараптамасы үшін 2000 теңгеден жинап жатқан көрінеді. 
"Бұл жалпыүйлік меншік, ол осы үй тұрғындарына тиесілі. Әрине, кешірерсіздер, кім пайдаланса, сол төлесін", – деп "Стандарт-04" ЖШС директоры Евгений Притула да сол сарында жауап беріп отыр.
Мәлім болғандай, мұндай проблемамен тек бұл үйдің ғана тұрғындары бетпе-бет келмепті. Редакция тілшілері материалды даярлап жатқанда, қаланың әртүрлі шағын ауданынан осы мінездес шағымдар жауған. Көбі "істеп тұрған лифтті негізсіз тоқтатты" деп мұңдарын шағыпты. Осы жағдайдың мән-жайын білу үшін редакция атынан қалалық әкімдікке сауал жолданғаны жазылады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓