Торғайда Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбілдің 60 жылдық мерейтойына орай шығармашылық кеші өтті.
Кездесуде ақын өзінің шығармашылығы мен өмірден көрген-түйгенін, ел ардақтылары туралы естеліктерін айтып, ағынан жарылды. Кешке белгілі сатирик Көпен Әмірбек қатысып, ақынның мерейін асырды.