Өнерлі жұптың ән кеші

Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде Асхат-Дидар Шыңғысовтар “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасының аясында және Астана қаласының 20 жылдығына арнап  “Туған жерге тағзым” атты шығармашылық ән кешін өткізді.DSC_6655
Облыстық, аймақтық, республикалық ән байқауларының жеңімпазы Асхат Шыңғысов сахна шымылдығын “Ана” әнімен ашты. Себебі осыдан екі жыл бұрын жарық дүниеге әкелген аяулы анасы дүниеден өткен болатын. Анаға деген сағынышын әуезді әнмен жеткізген кеш иесі тыңдармандардың жанарына еріксіз жас ұялатты. Перзенттік борышымыздың бір бөлшегі орындалсын деген Асхат пен Дидар асқар тау әкелердің құрметіне арналған әндерді көптеп шырқады. Жарасымды қос жұптың тағдырлары өнер жолында тоғысқан. Дидар Айбекқызы Қостанай қаласында жауапты қызметтерді атқара жүріп, өнер саласына бет бұрған. Ал, Асхат алғашқы еңбек жолын Мендіқара аудандық мәдениет үйінен бастаған. Кейін екеуінің көңілдері жарасып, отау құрды. Өзге елдің емес өз еліміздің ұлтаны боламыз деп шешкен жас жұбайлар туған жерлеріне оралды. Аудан көлемінде өтетін мәдени іс-шараларға белсене қатысып, тамаша кештің шырайын ашатын да осы жас жұбайлар. Сондықтан болар  –Шығысовтардың шығарамашылық ән кешіне жиналған көрермендердің санында шек жоқ. Осы кеште шырқалған әндер өнер сүйер қауымның көңілдерін көтерді. DSC_6775Жалпы, Асхат пен Дидар басқа да кештерде қосылып ән айтса, көрермендер арқаланып кететін. Бұл жолы орындарынан тік тұрып, өнер иелеріне құрмет көрсетті. Астана қаласынан арнайы келген талантты сазгер Алтынбай Сейтқасымов өнер жолындағы іні-қарындасына жүрекжарды тілегін жеткізді. Кеш жоғары деңгейде өтті. Өнер айдынында қос аққудай қатар жүзген өнерлі жұп нағыз туған жер перзенттері екенін дәлелдеді. "Рухани жаңғыру "бағдарламасын желеу етіп алып, ақылы ән кештерін беріп жүрген әуесқой әншілер Асхат пен Дидардан үлгі алса екен.
 
                                                         Байбатыр АХМЕТБЕКОВ,
                                                              Жанкелдин ауданы.

You may also like...

1 Response

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓